Бакалавриат бағдарламалары

Егер сіз ірі қаржылық компанияда жұмыс жасау туралы және де жай жұмыс емес, оның құрметті басшысы болуды армандасаңыз, онда Geneva Business School сізге осы міндетті орындауға көмектеседі, ал бұл, әлбетте, бәсекелестеріңіздің қасында сізге үлкен артықшылық береді!

Біздің бакалавриат бағдарламаларымыз сіздің көшбасшылық әлеуетіңізді дамыту және Сізге жоғары білікті кәсіпқой болуды үйрету үшін арналған. Бағларламаның ұзақтығы үш немесе төрт жыл, біздің тәжірибелі мамандар факультетіміз сізді теориялық және тәжірибелік білімдермен қамтамасыз етеді және де аталған салада өзінің тәжірибесімен бөлісіп, сізге сенімді түрде үздік шығуға мүмкіндік береді.

Сізге ұсынылады:

Халықаралық білім деңгейі

Өзіңіздің ағылшын тілін жетілдіру

Түрлі мәдениеттермен танысу

Танылған халықаралық компаниямен жұмыс істейсіз

Мәңгілікке ұласатын қарым- қатынастар орнатасыз


Кім оқуға түсуі тиіс:

GBS іріктеу үдерісі көшбасшылық әлеуетті, академиялық қабілеттерді, жеке қасиеттерді және құзыреттілікті айқындайды. Біз басқарушы лауазымдарда тәжірибесі бар, адамдармен тіл табыса алатын және үлгерімі тексерілген үміткерлерді іздейміз.

Назар аударыңызды өтінеміз: Бағдарламаның ағылшын тілінде өткізілетіндіктен, ағылшын тілін жақсы меңгеру қажеттілік болып табылады.

Түсу үшін

Іскерлік әкімшіктілендіру бакалавры

Іскерлік әкімшіктілендіру бакалавры (BBA) сізге заманауи бизнесте жетістіктерге жету үшін қажетті қағидаттарды, теориялар мен құралдарды пайдалана отырып, күшті тәжірибелік жоғары білім ұсыну үшін арналған.

Қаржы саласындағы бакалавр

Қаржы саласындағы бакалавр әлемдік нарық үнемі өзгеріп жатқан кезде, инвестициялар өнерін және жаңа кәсіпорындардың құрылуын зерттеу үшін, әлеуеті жоғары студенттердің сенімділігін нығайту үшін арналған.